2026 жылғы 21 қаңтарда №51 мектеп-гимназияда Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» қалалық дене шынықтыру пәнінің бірлестік жетекшілерінің отырысын ұйымдастырып, өткізді. Отырыста қалалық мектеп лигасы бағдарламасы бойынша асық ату және бес асықтан өтетін жарыстарының төрешілік алқасы, жебере рәсімі өткізіліп, әртүрлі сұрақтар талқыланды. Семинарға «Өркен» БЖДТО басшылығы мен қызметкерлері, Астана қаласының мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшылары, қалалық дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының мүшелері қатысты.



















