2026 жылғы 14 наурыз күнінен бастап Астана қаласының білім беру ұйымдарында Наурыз-2026 мерекесіне арналған «Наурызнама» жалпыұлттық онкүндігі және «Ұлттық ойындар керуені» республикалық акциясының бағдарламасында спорттық - бұқаралық іс-шаралар өтті.
Іс-шара қазақ халқының мәдениетін, рухын және өмір салтын бейнелейтін бірегей ойындармен таныстыру арқылы қазақ халқының дәстүрлерін сақтауға және дамытуға бағытталған.
19 наурызда «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының «Арқа Алан» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығында тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату және бес тас бойынша жарыстар өтті, онда қатысушылар саны 110 адамды құрады. 20 наурызда № 83 мектеп-гимназияда білім беру қызметкерлерінің денсаулық Спартакиадасының бағдарламасында қазақ күресінен жарыс өтті, оған 21 команда, жалпы білім беретін мектептердің 105 мұғалімі қатысты. Командалық есепте: 1 орын - № 83 мектеп-гимназия, 2 орын - №110 орта мектебі, 3 орын - № 59 мектеп-лицей.
20 наурыз - «Ұлттық ойындар керуені» республикалық акциясы аясында елорданың барлық білім беру ұйымдарында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Қатысушыларды қамту 14 847 адамды құрады, оның ішінде: асық ату - 3043, тоғызқұмалақ - 1789, қазақ күресі - 280, арқан тарту - 4441, ләңгі тебу - 409, бестемше - 214, сақина салу - 507, тақия тастамақ - 618, ақ сүйек - 210, белбеу тастау - 159, ақ серек - көк серек - 558, қуыр-қуыр қуырмаш-177, асық жинау - 671, теңге ілу - 676, жаяу көкпар - 301, күш сынасу - 794.
Әлеуметтік желілердегі барлық жарияланымдар келесі хэштегімен орналастырылған # керуен200326астана #ұлыдалаойындарыфестивалі @salauatty_kazakhstan және @oqu_agartu_ministrligi
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/784-astana-alasyny-bilim-beru-jymdarynda-nauryz-2026-merekesine-arnal-an-nauryzama-zhalpy-ltty-onk-ndigi-men-ltty-ojyndar-kerueni-respublikaly-aktsiyasyny-ba-darlamasynda-sportty-b-araly-is-sharalardy-tkizu-bojynsha-a-parat.html#sigFreeIde4dc9eebd4


















