«Астана қаласы Білім басқармасының 2025-2026 оқу жылына нұсқаулық-әдістемелік, спорттық - бұқаралық, дене шынықтыру - сауықтыру және әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарды бекіту туралы» 2025 жылдың 22 тамыздағы № 1915 бұйрығына сәйкес, 2026 жылдың 27 наурыз күні Білім беру қызметкерлерінің денсаулық Спартакиадасы шеңберінде тоғызқұмалақтан қалалық жарыс өткізілді. Жарысқа 60 мектеп 180 мұғалім қатысты. 1 орын - № 37 мектеп, 2 орын - № 59 мектеп, 3 орын - № 45 мектеп. Финалдық ойындар №110 орта мектебінде өтті. Жарыс жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының диплом және медальдармен марапатталды.


















