2026 жылғы 7 сәуір күні «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай Астана қаласының «Триатлон саябағында» және елорданың білім беру ұйымдарында бұқаралық іс-шаралар өтті.
Аталған іс-шара аясында мектептер мен колледждерде білім алушыларының қатысуымен жаппай таңғы жаттығу, «Денсаулыққа бірге» атты жүгіру жарысы, сондай-ақ білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
1 шақырым қашықтыққа өткен «Денсаулыққа бірге» атты жүгіру жарысына Астана қаласының білім беру ұйымдарынан 200-ге жұық оқушылар қатысты. Ұйымдастырушылар: «Ана мектебі» Қоғамдық қоры, Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/788-d-niezh-zilik-densauly-k-nine-oraj-ala-k-lemindegi-b-araly-is-sharalar-tti.html#sigFreeId7ac543aa0c


















