"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«Келешек мектебі» жобасы аясында футзалдан республикалық турнир аяқталды

2026 жылдың 14-17 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-ны Астана қаласында оқушылар арасында «Келешек мектебі» ауқымды жобасы аясында футзалдан республикалық турнир ұйымдастырып, өткізді.
Турнир Астана қаласының Ж. Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек сарайында» өтті. Турнирге Қазақстанның өңірінен 20 команда қатысты.
Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту, Туризм және спорт министрліктерінің, Қазақстанның футбол федерациясының басшылары қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «№ 117 жалпы орта білім беретін мектебі» жеңімпаз атанып, алтын медальдарға ие болды. Құттықтаймыз!!!