2026 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Әке - үлгі, әке - өнеге» ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырып, өткізді. Аталған акция өскелең ұрпақтың бойындағы еңбекқорлық, тазалық мәдениеті мен туған жерге деген жаңашырлық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Аталған акцияға «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының қызметкерлері, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы, орталықтың спорт секцияларына қатысатын оқушылардың ата-аналары, әкелері, орталықтың жас тәрбиеленушілері белсенді қатысты.
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/794-ke-lgi-ke-nege-a-ash-otyr-yzu-aktsiyasy-tkizildi.html#sigFreeId85b32a9277


















