"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Елордалық оқушылар шахматтан республикалық жарыстың жүлдегерлері атанды

2026 жылғы 17-20 сәуірде Астана қаласының Қ.Сәтбаев атындағы БИНОМ-да Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырған 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасындағы Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында шахматтан республикалық жарыстардың қорытындысы шығарылды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 16 команда қатысты. БИЛ (ұлдар, қыздар) оқушыларымен өнер көрсеткен Астана қаласының құрама командасы ойын қорытындысы бойынша екінші орынға ие болды.
БИЛ оқушыларын, сондай-ақ жарысқа дайындаған оқытушыларды құттықтаймыз!