2026 жылғы 23-24 сәуірде №105 орта мектепте 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәні бойынша қалалық Олимпиада өткізілді. Олимпиада бағдарламасына гимнастика, волейбол, футбол, баскетбол, бес асық, асық ату, жеңіл атлетика (60 м жүгіру, ұзындыққа секіру, басылған доп лақтыру) спорт түрлері енгізілді. Олимпиадаға елорда мектептерінен 100-ден астам оқушы қатысты. Қалалық Олимпиаданы өткізудің мақсаты: 2026 жылғы 11-16 мамырда Астана қаласында өтетін «Дене шынықтыру» пәні бойынша республикалық Олимпиадаға іріктеу. Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, «Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы».
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/802-dene-shyny-tyru-p-ni-bojynsha-alaly-olimpiada-tkizildi.html#sigFreeId413cc689fd


















