"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «ДОСТЫҚ КУБОГЫ-2026» атты дзюдо күресі бойынша командалық біріншілік өтті

2026 жылдың 1 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «2025-2026 оқу жылына арналған Астана қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес және де Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «ДОСТЫҚ КУБОГЫ-2026» атты дзюдо күресі бойынша 2014-2015 ж.т. жасөспірімдер арасында қалалық командалық біріншілік өтті.
Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «ДОСТЫҚ КУБОГЫ-2026» жарысының мақсаты – жасөспірімдер арасында ұлттық дзюдо күресін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру және балаларды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Аталған жарыстың жеңімпаздары:
1 – орын «Өркен» БЖДТО қазақ күресі командасы;
2 – орын «Торнадо» клубы командасы;
3 – орын «Алтын белбеу» клубы командасы;
3 – орын «Сауран 1» клубы командасы.
Турнир ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін медаль, диплом, кубоктармен марапаттады.
Жетістіктерімен құттықтаймыз!!!!!!