2026 жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр күндері аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Астана қаласында Ұлттық мектеп лигасының 9-11 сыныптарының ұлдар мен қыздар арасында республикалық жарыстарды ұйымдастырып, өткізді. Жарыс спорттың 11 түрі бойынша өткізілді: үстел теннисі, волейбол, баскетбол, футзал, асық ату, бес асық, гандбол, футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, жеңіл атлетика. Астана қаласының құрама командалары бағдарламаның барлық түрлеріне қатысып, келесі нәтижелер көрсетті:
1) үстел теннисі (ұлдар, қыздар) - 4 орын
2) волейбол - ұлдар - 1 орын, қыздар - 8 орын
3) баскетбол - ұлдар - 2 орын, қыздар - 1 орын
4) футзал - ұлдар - 7 орын, қыздар - 9 орын
5) асық ату - ұлдар - 14 орын
6) бес асық - қыздар - 3 орын 7) гандбол - ұлдар - 3 орын, қыздар - 11 орын
8) футбол - ұлдар - 3 орын, қыздар - 9 орын
9) тоғызқұмалақ (ұлдар, қыздар) - 10 орын
10) шахматы (ұлдар, қыздар) - 2 орын
11) жеңіл атлетика (ұлдар, қыздар) - 3 орын
Жүлделі орындарға ие болған волейболдан №4 мектеп-гимназиясының (ұлдар), баскетболдан №28 мектеп-лицейінің (қыздар), баскетболдан №91 мектеп-гимназиясының (ұлдар), шахматтан БИЛ мектебінің (ұлдар, қыздар), бес асықтан №24 орта мектептің (қыздар), гандболдан №40 мектеп-лицейінің (ұлдар), футболдан №37 мектеп-лицейінің (ұлдар), жеңіл атлетикадан №32 мектеп-гимназиясының құрама командаларын атап еткіміз келеді!!! Спорттық залдарды ұсынғаны үшін №№32, 37, 40, 45, 56, 100, 104, 108, 109, 114, 115, 116, Қ. Мырза Әли атындағы БИНОМ, Қ. Сәтбаев атындағы БИНОМ мектеп әкімшіліктеріне алғысымызды білдіреміз!!!
Жүлделі орындарға ие болған командаларды дайындаған Астана қаласы мектептерінің дене шынықтыру оқытушыларды үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз: Тё А., Н. Сабитова, А. Шомаев, Е. Рахметов, М. Шерхан, Д. Дүйсенбаев, А. Жұмағұлов, Г. Степанов, М. Салкимбаев, Н. Мырзатаев, А. Шалабаев, А. Шектібаев, Д. Қатбек және т.б. Жалпы командалық есепте Астана қаласының құрама командасы 99 балл жинап (ең аз балл санау бойынша) І жалпыкомандалық орынға ие болды!!! Баршаңызды осы табыспен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жеңістер тілейміз!!!
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/810-astana-rama-komandasyny-o-ushylary-2026-zhyl-y-respublikaly-ltty-mektep-ligasyny-zhe-impazdary.html#sigFreeId421e9112a3


















