Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» 2026 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде 2026 жылғы 2-5 мамыр күндері аралығында жазғы республикалық оқушылар Гимназиада бағдарламасында асық ату бойынша жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Жарыс Шымкент қаласында өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының құрама командасы Шыңғыс Нұрмағамбет (№42 мектеп), Әлібек Мүслім (№85 мектеп), Жүрсінбек Дінмұхамед (№52 мектеп) құрамында І орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!



















