Ұлттық мектеп лигасы аясында Қызылорда қаласында 2026 жылғы 11-15 мамырда өткен 7-8 сынып қыздар арасындағы республикалық бес асық жарысында Астана қаласының №83 мектеп-гимназиясының командасы: Актаева Асыл, Нұраш Сезім, Бейсембаева Амина жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі 2 орынды иеленді. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да тек биік белестерді бағындырып, жеңісті күндеріміз көп болсын! Жетекшісі: Ихсанова Асель Елемесовна, команда өкілі: Кусаинов Кайрат Зейникешович.


















