"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

«БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЯРЛЫҚ: КӘСІБИ ДАМУ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ» 3 КҮНДІК ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 26-28 тамыз күндері жаңа 2026-2027 оқу жылының қарсанында тамыз форумы - 2026 «Бастапқы әскери даярлық: Кәсіби даму, инновация және тәжірибе алмасу» 3 күндік панельдік сессиясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Панельдік сессиясына Астана қаласы Білім басқармасының, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, білім беру ұйымдарының «Бастапқы әскери даярлық» пәнінің оқытушылары, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қатысушылардың саны - 130 адам.
Панельдік сессия Астана қаласының №85 мектеп-лицейінде, №68665 «Десанттық-шабуылдаушы әскерлері» бөлімінде, Астана қаласының «Батырлар» әскери-патриоттық орталығында өткізілді.
Панельдік сессияда «Бастапқы әскери даярлық» пәнінің және әскери-патриоттық жүмыс бойынша нұсқаулықтар, «Адал азамат» - қазақстандық патриотизм, «Заң мен тәртіп» - құқықтық сананы нығайту, «Таза Қазақстан» - білім беру ұйымдарында интеграция, «БӘД» сабақтарында жасанды интеллектті (ЖИ) пайдаланудың жаңа тәсілдері, «2026–2027 оқу жылындағы «БӘД» пәні және әскери-патриоттық жұмысындағы негізгі құжаттары» тақырыбындағы сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, практикалық сабақтар көрсетілді.