2026 жылдың 9 қыркүйек күні №113 орта мектебінде Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен қалалық жиын өтті. Жиын барысында 2026-2027 оқу жылында өткізілетін спорттық-бұқаралық, әдістемелік-практикалық іс-шаралар, қауіпсіздік ережелері қарастырылып, Ұлттық мектеп лиганың 9-11 сынып оқушылары арасында өтетін футбол жарысының жеребе рәсімі өткізілді. Жиынға "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының басшылары мен қызметкерлері, елордалық дене шынықтыру педагогтары қатысты.

Дене шынықтыру мұғалімдерінің жиыны өтті

















