"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Волейболдан «Ұстазға құрмет» атты турнир өткізілді

Волейболдан «Ұстазға құрмет» атты турнир өткізілді

2026 жылғы 26 қыркүйекте Астана қаласының № 104 орта мектебінде кәсіби мереке - «Ұстаздар күніне» орай «Ұстазға құрмет» атты Астана қаласы келешек мектептерінің ұстаздары арасында волейболдан турнир өткізілді.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы, № 104 орта мектебі.   
Турнирге Астана қаласының 15 мектебінен командалар қатысты.
Турнир қорытындысы:
І орын - № 114 мектебі
ІІ орын - № 45 мектебі
ІІІ орын - № 104 мектебі
Турнирдің жеңімпаздары, жүлдегерлер мен үздік ойыншылары кубок, медаль, грамота және номинациялармен марапатталды.