Қалалық колледж студенттері Спартакиадасының
бағдарламасында күзгі кросстан жарыс аяқталды
Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2026-2027 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты колледж студенттері Спартакиадасының шеңберінде күзгі кросстан жарыс аяқталды.
Күзгі кросстан колледж студенттері Спартакиадасының жарысы 2026 жылғы 28 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен ұйымдастырылып, өткізілді. Жарысқа Астана қаласының 22 колледждерінен 88 студент қатысты.
Жарыс қорытындысы:
3 орын - «Жоғары көлік және коммуникация колледжінің» командасы;
2 орын - «Астана политехникалық жоғары колледжінің» командасы;
1 орын - «Астана» халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің» командасы.
Жеке есепте:
Ұлдар:
1 орын - Байделдебек Мұхамет «Каз ALT»
2 орын - Алимбаев Темир «Урбан»
3 орын - Сипатаев Бейбіт «КОПиС»
Қыздар:
1 орын - Диль Ольга «Астана политехникалық жоғары колледжі»
2 орын - Лубинская Альбина «Астана/профи»
3 орын - Қуандык Айзере «Астана» халықаралық университетінің педагогикалық колледжі»
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/824-alaly-kolledzh-studentteri-spartakiadasyny-ba-darlamasynda-k-zgi-krosstan-zharys-aya-taldy-2.html#sigFreeId4fe8961926


















