"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Астана қаласының оқушысы - данк-контест бағдарламасында екінші орынға ие болды

2026 жылғы 24-29 қыркүйек аралығында Юзань қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен мектеп командалары арасында баскетболдан 3х3 Азия чемпионаты аясында данк-контест (жоғарыдан лақтыру бойынша байқау) өтті. Қазақстандық спортшы - Астана қаласының №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Дмитрий Новосельцев 100-ден 95 балл жинап, екінші орынға  ие болды. Бірінші орынды Қытай өкілі, үшінші орынды Сингапурдан келген спортшы иеленді. Дмитрий Новосельцевті керемет нәтижемен құттықтаймыз! Оқуда сәттілік және жаңа жарқын жеңістер тілейміз!