"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Алматыда тұңғыш рет оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті.

Төрт күндік сайыс қорытындысында «рапид» және «блиц» бойынша ең мықтылар анықталды. Нәтижесінде Астана командасы 1- алтын , 1 - қола медальге ие болды.

Оқушылар арасындағы Әлем біріншілігіне 17 елден 200-ден астам спортшы қатысты: Чехия, Моңғолия, Түркия, Бангладеш, Испания, Колумбия, Пәкістан, Венгрия, Өзбекстан және т.б. Жарыстың жалпы жүлдеқоры  8 миллион теңгені құрады.

Әлем чемпионатының қорытындысында «рапид» бойынша жеңімпаз болғандар:

U-17 Ұлдар арасында:

Әділет Бекмахан (Қазақстан) - алтын медаль.

U-17 Қыздар арасында:

Ақжібек Манарбекқызы (Қазақстан) - қола медаль.

Орынға ие болған екі оқушы Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының жанындағы «Арқа ALAN» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығында тоғызқұмалақ секциясында жаттығады. Жаттықтырушылары - Базаралиева Гүлнар Бахытқызы, Зкрияев Биғали Жеңісұлы.  Жарыс жеңіпаздары мен жаттықтырушыларын құттықтаймыз!